Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жаңа төрағасы сайланды

Кәсіподақтар үйінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының төрағасын сайлау бойынша кезектен тыс XXXI конференция жұмысына 60-тан астам делегат қатысты.


Конференция делегаттары, ардагерлер мен облыстық кәсіподақ белсенділері 30 жыл бойы Қарағанды облысының ең ірі кәсіподағының басшысы болған Татьяна Филипповна Самойлюкті бір минут үнсіздікпен еске алды.

Конференция делегаттары мен шақырылған қонақтар кәсіподақтың Қарағанды облыстық ұйымының төрағасы қызметіне үш кандидатура ұсынды: Алмагүл Рақышева – облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымы төрайымының м.а., Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық филиалының төрайымы; Мейіржан Сыздықов – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры; Адамбай Мұстафин – облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Нұра аудандық филиалы.

Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы лауазымына кандидатураларды талқылау барысында екі кандидат өздігінен бас тартты. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша 59 делегат Алмагүл Рақышеваға дауыс берді.

Талқылау барысында Қазақстандық салалық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, кәсіподақ қозғалысының ардагері, атқару комитетінің мүшесі Мәулен Әкіжанов, Оргсинтез және көмір химиясы институты директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Арыстан Ғазалиев, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері Шагдат Сатиев және Рахым Рахымбергенов, Қарағанды облысы білім басқармасы қоғамдық кеңесінің төрайымы Маулида Жошина, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның білім беру қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Ерсайын Омаров, Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бақтыгүл Әдекенова сөз сөйледі.

Алмагүл Рақышева делегаттарға сенім артқандары үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттарының бірі қоғамдық-экономикалық қызметтің барлық салаларында жаңару болып табылатынын, мұнда ең бастысы – еңбек адамының рөлін арттыру екендігін, сондықтан Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының барлық жұмысы сабақтастық қағидаттарының негізі болып табылатынын және әлеуметтік-экономикалық қызметті қорғауға бағытталғанын атап өтті.