Қызылордалық кәсіподақтар білім саласы өкілдерімен Референдум бойынша пікір алмасты

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Референдум өтуі туралы түсіндірме жасау мақсатындағы кездесулер жалғасуда.

Қызылорда қалалық №101 мектепте өткен білім ордалары басшылары мен кәсіподақ белсенділерінің кездесуінде Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев және «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық ұйымы төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Есқалиева Ата Заң өзгерістері туралы әңгімеледі.

Кездесуге қатысушылар жалпыхалықтық Референдум өтуіне қолдау білдіретіндіктерін айтып, заңнамалық түзетулер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.