Референдум бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда

ҚР Ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Т.Сұлтанғалиев Ақтөбе орман шаруашылығы бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу туралы филиал төрағасы Т.Сұлтанғалиев ақпараттық-түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.


Сонымен бірге, 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.