«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: ҚРКФ басшылығы «ЖІТІҚАРАКОММУНЭНЕРГО» МҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті

Бүгін, 2022 жылдың 17 мамыры күні «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеевтің «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен онлайн кездесуі өтті.

Жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде Қостанай облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова бұл Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы басшылығының қатысуымен өтіп жатқан 6-шы кездесу екенін атап өтті. «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК бастауыш кәсіподақ ұйымы 405 жұмыскер кәсіподақ мүшелерін немесе барлық қызметкерлердің 86 пайызын біріктіретін Жітіқара қаласындағы ірі кәсіподақ ұйымдарының бірі.

«Жітіқаракоммунэнерго» МҚК директоры Мұрзабай Ерекеновтің айтуынша, кәсіпорын жұмысшыларын алаңдатып отырған басты мәселе – жалақының төмендігі. Бүгінгі таңда орташа жалақы 119 517 теңгені құраса, 2022 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 121 331 теңге.

Төраға Надежда Долгиер бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы хабардар етті. Оның айтуынша, кәсіпорында жұмыскерлердің әлеуметтік даму және әлеуметтік кепілдіктер бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарламаға сәйкес жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті кәсіпорынның қызметкерлеріне,  бес және одан да көп жыл жұмыс істеген қызметкерлерге біржолғы материалдық немесе қайырымдылық көмек көрсетеді. Өткен жылы бұл төлемдер жұмыс берушінің қаражаты есебінен 4 429 905, кәсіподақ комитетінің қаражаты есебінен 2 462 325 теңгені құраған. Кәсіпорында еңбекті қорғау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Соңғы 5 жылда өндірісте жазатайым оқиға болған жоқ.

«Қостанай облысы Тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Хайдар Қамбаровтың айтуынша, шешуі қиын әрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде қарауды қажет ететін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселелері басым бағыттар болып қала береді.

Жиын барысында құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Құсейін Есенғазин кәсіподақ көшбасшыларына жемісті еңбектері, еңбеккерлердің мүддесін қорғауға және өңірдегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдірді.

Жиынды Кәсіподақтар федерациясының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев қорытындылады. Ол ҚРКФ қызметінің негізгі бағыттары туралы, халықаралық диалогты дамыту, пікір алмасу және COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарысты еңсеру бойынша кәсіподақтардың елдік тәжірибесімен алмасу мақсатында Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық конференция туралы айтты.

«Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан ұлттық кәсіподақ орталықтары өкілдерінің қатысуымен өткен Орталық Азия елдері кәсіподақтарының аймақтық конференциясының қорытындылары туралы айтқым келеді. ХЕҰ Миссиясы көп жұмыс атқарды. Миссия аясында ACTRAV/ХЕҰ Еңбеккерлер қызметі бюросының директоры Мария Хелена Андре, ACTRAV/ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Сергеюс Гловацкас және ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бюросының еңбеккерлер жөніндегі аға маманы Гоча Александрия Қазақстанға келді. Қазақстанға жұмыс сапары аясында Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Тікелей байланыс миссиясының өкілдері Алматы, Атырау және Қарағанды облысында болды.
Қарағанды облысына сапар барысында ХЕҰ өкілді делегация мүшелері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Т.Күзембаев атындағы шахтада болып, кәсіпорын басшылығымен және «ҚАЗКӨМІРКӘСІП» көміршілер салалық кәсіподағының, «Қорғау» көміршілер кәсіподағының өкілдерімен және көмір кәсіпорындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті. Үлкен жұмыстар атқарылды. ҚРКФ-тың ХКК мүшелігі тоқтатылған болатын. Бұл кәсіподақтардың кінәсі емес, көп жағдайда тәуелсіз кәсіподақтарды тіркеуде мемлекеттік органдардағы ағаттықтар екенін атап өткім келеді.
Дегенмен, төраға Сатыбалды Дәулеталиннің Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) және Брюссельдегі Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының (ХКК) штаб-пәтеріне жұмыс сапарымен жасаған соңғы сапары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына деген көзқарасты түбегейлі өзгертті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жаңа басшылығы демократиялық жолмен сайланғанын ХКК да, ХЕҰ да көрді. Төраға болып алғаш рет ҚР Кәсіподақтар федерациясы қызметкерлерінің арасынан өкіл сайланды және бұл сайлау халықаралық ұйымдар тарапынан үлкен қолдауға ие болды», – деп атап өтті Мұхтар Тінікеев.
ҚРКФ 16 мыңға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымы бар, оның ішінде 15 мыңнан астам бастауыш ұйымдардың төрағалары босатылмаған негізде жұмыс істейді.

Бүгінде ҚРКФ кәсіподақ мүшелері 1 миллион 760 мың адамды құрайды. Тұңғыш рет кәсіподақтардың үш республикалық бірлестігі де келіссөз үстеліне отырып, Бас келісімге қол қоюдың ортақ саясатын әзірлегенін атап өткім келеді. Бізге еңбек ұжымдарында айтылған ұсыныстардың барлығы, бұл зейнеткерлік жас, жалақыны индексациялау мәселелері Бас келісімге енгізілді. Ал ең бастысы – халықаралық конвенцияны ратификациялау.
Қазақстан 190 конвенцияның 24-ін ғана ратификациялады. Біз көршілес республикалардан артта қалып отырмыз. Сондықтан біз Үкіметке басқа конвенцияларды да ратификациялау туралы ұсыныс жасадық.
Мәселен, Кәсіподақтар федерациясы ХЕҰ-ның «Дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу туралы» №131 конвенциясын ратификациялауды қолдайды.

Және бұл адамдардың өмірін айтарлықтай жақсартады деп ойлаймын. ҚРКФ соңғы съезінде айтылған мәселелер, Кәсіподақтар федерациясының Стратегиясы, осы мәселелердің барлығы Бас келісімге енгізілді.
Кәсіподақтар федерациясы ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін көтерді. Естеріңізде болса, бір кездері 27 мың теңге болатын. 2021 жылы ең төменгі жалақы 42 мың 500 болды. Біз сол кездің өзінде ең төменгі жалақының төмен екенін айтқан болатынбыз, кейін 60 мың теңгеге дейін көтерілді. Соған қарамастан, бұл мәселеге Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстары негізінде қарау керек деп есептейміз», – деді Мұхтар Тінікеев.
«ХЕҰ бекіткен Кейтц индексі бар, онда ең төменгі жалақы орташа жалақының 50 пайызын құрауы керек. Қазақстандағы орташа жалақы 275 мың теңге болса, ең төменгі жалақы шамамен 137 мың теңге болуы керек. Біздің елде ең төменгі жалақы орташа жалақының 20 пайызын құрайды», – деді Мұхтар Тінікеев.
«Бізде ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі жоқ. Бүгінде біз Үкіметтің алдында бұл мәселені жан-жақты қарастыру қажет туралы мәселе қойып отырмыз. Осыған орай, Кәсіподақтар федерациясы республикалық деңгейде әлеуметтік әріптестерге жалақыны жыл сайынғы индексациялауды заңнамалық тұрғыдан бекіту, еңбек даулары бойынша жұмыскерлердің талаптарын қою тәртібін жеңілдету және т.б. бойынша нақты ұсыныстармен жүгінді», – деді ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары.
Кездесу соңында Ирина Аронова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көп ауыс-түйіске ұшырап, жалақының аздығынан кадр тапшылығына ұшырап отырғанына назар аударды. Жұмысшылардың көпшілігінің еңбекақысы адам еңбегінің нақты құнына сәйкес келмейді, жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз етпейді және олардың отбасыларының күнкөріске жұмсалған нақты шығындарын өтемейді. Мұның бәрі әлеуметтік шиеленіс тудырады.
Осы орайда ол Үкімет өкілдерін шақырып, түйткілді мәселелер айтылып, шешімін табатын сала күндерін өткізу туралы ұсынысын жеткізді.
Сондай-ақ, ол ұжым қызметкерлерін алдағы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.