Әлеуметтік әріптестік еңбек қатынастарын реттейді

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары О.Круг төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Павлодар облыстық комиссиясы құзыретіне сәйкес күн тәртібіндегі «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы», «Ұжымдық шарт – қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың негізгі құралы» мәселелері қаралды.

Отырысқа комиссия мүшелері – Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова, «Қазметаллкәсіп» Павлодар облысы бойынша салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова, «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Науразбаева, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының төрайымы С.Төлегенова қатысты.

Комиссия мүшелері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры А.Капенованың жекелеген кәсіпорындар жол берген «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дағы ағымдағы берешегі және оны азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады.

Сонымен қатар, қатысушылар Павлодар облысы бойынша «Қазметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумованың тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарында ұжымдық шарттар жасасу туралы ақпаратымен танысты.

«Ұжымдық шарттың құқықтық құндылығы қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбек заңнамасымен реттелмеген мәселелерді тиімді шешу қабілетін, еңбек ұжымының әрбір мүшесінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту мүмкіндігін жүзеге асыруында. Ұжымдық шарт жобасын әзірлеу бойынша үлкен жұмыс кәсіподақ ұйымдарына тиесілі. Ұжымдық шарт жобасын белсенді талқылау Ұжымдық шарт мазмұнының сапасын айқындайды. Ұжымдық шарттың қабылданған ережелерінің орындалуын тұрақты жұмыс істейтін комиссия бақылайды. Ұжымдық шарттың қолданылу кезеңінде ұжымдық шартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін», – деп атап өтті спикер.

Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешім қабылдады.