Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

“Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ БҚОФ төрағасы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің Қаратөбе ауданы бойынша қоғамдық өкілі  Ғарапша Сахипов Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты референдум өткізілуіне орай Қаратөбе ауылы тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Amanat” партиясының Республикалық партиялық штаб мүшесі Мәлік Құлшар қатысты.

Жиында Мемлекет басшысының 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты Ата заңдағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде атап өтілді. Салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, еліміздің тарихындағы айтулы оқиға екенін айтып, барша аудан тұрғындарын белсенділікпен қатысуға шақырды. Аудандық штаб мүшелері ауыл тұрғындарының ұсынысын айтып, қолдау білдірді.