Жаңа Қазақстан құрудағы референдумның рөлі мен маңызы кеңінен түсіндірілді

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов «Кішкентай данышпан» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіподақ ұйымының мүшелерімен республикалық референдумға байланысты кездесу өткізді.

Кездесуде Жаңа Қазақстан құрудағы референдумның рөлі мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, қолданыстағы Конституцияның 33 бабына енгізілетін өзгерістер туралы сөз қозғалды. 2022 жылғы 5 маусымда өтетін еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жалпы республикалық референдум өткізудің маңыздылығын атап өтілді. Жалпы республикалық референдумды өткізу тәртібі мен міндеттері, Конституциялық реформаның бағыттары, Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңыздылығы туралы мәселелер сөз болды.

Қатысушыларға суперпрезиденттік басқару үлгісінен есеп беретін Үкімет пен ықпалды Парламенті бар президенттік басқару түріне көшетіні туралы да ақпарат берілді. Жиын соңында төраға орынбасары қатысушыларды Конституциялық реформаларды іске асыруға атсалысуға шақырды. Кәсіподақ мүшелері өз кезегінде референдум өткізілетін күні бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.