Медиация мәселесі талқыланды

Павлодар облыстық сотының, Ақсу қалалық сотының, Павлодар облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасымен еңбек дауларының алдын алу және медиация бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге кәсіпорынның келісім комиссиясының мүшелері, заңгерлер және кадр қызметінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – еңбек заңнамасының новеллаларымен танысу, келісу комиссиясында еңбек дауларын қарау тәжірибесін зерделеу, сот практикасын зерделеу, еңбек дауларын медиация арқылы шешу мүмкіндігін талқылау.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а.  Н.Ибраев, Ақсу қалалық сотының төрағасы М.Дайкенов, Ақсу қалалық сотының судьялары, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы  Д.Айтжанова, «Татуласу орталығы» басшысы М.Иванова медиация институтын дамыту, еңбек заңнамасының новеллалары, дауларды сотқа дейін реттеуде және сот практикасында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы айтып берді.

Кездесуді аша отырып, Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасының м.а. Н.Ибраев қатысушыларға даулар мен жанжалды жағдайларды шешуде медиация мен татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктері, оларды қолданудың артықшылықтары туралы айтып берді, татуластырушы судьялардың қатысуымен дауға қатысушыларды татуластыру арқылы азаматтық істердің аяқталуын талдау туралы айтты.

Ақсу қалалық сотының судьясы С.Сабабаева «Азаматтық процестегі Медиация» тақырыбында баяндама жасап, сотқа талап арыз түскен кезде татуластырушы судьяның ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүргізіп отырған медиациясы, сотқа дейінгі хаттама жасау, талап арыз берілгеннен кейін Татуласу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығында» медиация рәсімі арқылы еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеу тәжірибесі және еңбек заңнамасының новеллалары туралы басшы М.Иванова айтып берді.

Келісу комиссиясының төрағасы, бастауыш кәсіподақ ұйымының бас маманы Л.Рахәділов кәсіпорынның келісу комиссиясының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.