«SENIM» кәсіподағының төрағасы референдум қарсаңында дәрігерлермен кездесті

«SENIM» денсаулық сақтау кәсіподағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Салтанат Төлегенова алдағы конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана ұжымымен кездесті.

50-ден астам аурухана қызметкері референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының төрағасы, «Атамекен» ҚР ҰКП Павлодар облысы бойынша директоры С.Сәдуақасовтың және штаб мүшелері: «Eptic Медиа» ЖШС директорының орынбасары Ж.Сманов, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Төлегенова және «Ассамблея жастары» РҚБ филиалының төрағасы Р.Смаиловтың сөздерін тыңдады.

Кездесу шеңберінде спикерлер елдің негізгі заңына түзетулер туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдері ұсынылып отырған реформалардың прогрессивтілігін түсіндіре отырып, қызметкерлердің сұрақтарына белсенді жауап берді. Еңбек ұжымы саяси өзгерістерге қолдау көрсетіп, ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін референдумға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Алдағы конституциялық реформа еліміздің дамуындағы жаңа кезеңді – жаңа Қазақстанды құруды белгілейді!