“YNTYMAQ” кәсіподағы бастауыш ұйымында Референдум бойынша түсіндірме жасалды

“YNTYMAQ” кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов “Өркен Әлем” серіктестігі ұжымымен кездесіп, референдум туралы түсіндірме жасады.

Салалық кәсіподақтың облыстық филиалы төрағасы Конституциялық реформа маңыздылығы мен оған әрбір азаматтың қатысу мүмкіндігі туралы айтып, заңға ұсынылған түзетулер жайлы ақпаратпен бөлісті. Еңбек ұжымы заңнамалық өзгерістерге қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, референдумға белсенді қатысатындықтарын жеткізді.