Алтынбек Әмірғалиев: “Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз”

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Әмірғалиев:
“Алдағы Конституциялық референдум – тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын маңызды күн деп есептеймін. Бүгінгі таңда еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр.

Әр қазақстандық өзінің жеке азаматтық борышын орындап, референдумға атсалысса, ол ел болашағының дамуына қосқан үлесі деген ойдамын. Біз, кәсіподақтар еліміздегі іргелі қоғамдық ұйым ретінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жалпыұлттық референдум жайлы шешімін құптап отырып, өңірлік штабтар құрамында халыққа үлкен саяси маңызды іс-шараның маңызын жеткізуге өз үлесімізді қосудамыз.

Референдумның мәні мен маңызын түсіндіріп, еңбек ұжымдарында, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Біз қарапайым еңбек адамының әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктерге ие болуына, еңбек жағдайын жақсартуға мейлінше жағдай жасалуына жаңаша мүмкіндіктер болатынына сенімдіміз.

Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз.

Біз, азаматтардың еңбек құқығын қорғайтын кәсіподақ өкілдері ретінде демократияны дамытуға, азаматтардың лайықты жалақы алуларына, өмір сапасына жақсаруына арналған реформаларды, Жаңа Қазақстан құруды қолдаймыз.

Референдумның ашықтығы мен әділдігі еліміздің тұрақты дамуының кепілі болмақ. Азаматтарды өз болашағымыздың жарқын болуы үшін референдумға бір кісідей атсалысып, дауыс беріңіздер демекпін”.