Конституциялық реформа бойынша түсіндірме жүргізілді

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, Конституциялық реформа бойынша ақпараттық-түсіндірме берді.

Кездесуге басқарманың 20 қызметкері, мекеме басшысының орынбасарлары Бақов Демеуғали Ертайұлы, Дамир Даулетұлы және кәсіподақ төрайымы Мамадиярова Шолпан Темірбекқызы қатысты.

Басқарма басшысының орынбарасы Д.Бақов ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың өзектілігіне тоқталып, республикалық референдумға ұжым мүшелері белсенді атсалысып, тегіс қатысатындықтарын айтты.

Филиал төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлері кәсіподақ мүшелерінің жағдайымен де танысты және оларды «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтап, салаға еселі үлес қосқан белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.

Атап айтқанда, филиалдың «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бас маманы Әмірбек Дархан Ерсұлтанұлы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының әдіскері Дилдабеков Мурат Бексултанович және филиалдың «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының әдіскерлері Лесбай Олжас Мұхамеджанұлы, Мырзатов Елжан Бөрікбайұлы, Нұрғали Алтынай Бейбітқызы марапатталды.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де алдағы референдумға арналған кездесу өтті.

Кездесуге «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы, мекеменің 50 қызметкері, кәсіподақ төрайымы Молдабекова Гүлнұр Орынбасарқызы қатысты.

Кездесуде «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу туралы филиал төрағасы С.Әуесханов ақпараттық-түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен бірге 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы салалық кәсіподақ құрамындағы Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуге орталықтың 50 қызметкері және директордың орынбасары Ордабаева Дария Амангелдіқызы қатысты.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе – «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша филиал төрағасы С.Әуесханов ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берді.

Сонымен бірге 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.

Орталық директорының орынбасары Д.Ордабаева ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың өзектілігіне тоқталып, республикалық референдум өтетін күні барлық қызметкерлердің бір кісідей дауыс беруге қатысатынына сенім білдірді.