Референдумды қолдау бойынша Түркістан қаласында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау бойынша Жалпыхалықтық референдум өтетіні белгілі. Осы күннің саяси маңыздылығын насихаттау мақсатында, 2022 жылдың 21 мамыр күні Түркістан қаласындағы Конгресс – холда Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб төрағасы Төлеубек Мұқашевтың бастамасымен өткен өңіраралық көшпелі кездесу өтті.


Алқалы жиынға республикалық штаб мүшесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов қатысып, ел болашағы үшін, ұрпақ үшін референдумның қажеттілігіне тоқталып өңірлердегі референдумға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, кездесуде Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастама идеясын қолдау және Конституциялық реформаның жайы халық талқысына шығарылып, кеңінен насихатталып қаралды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Референдум өтуі туралы ақпараттық-түсіндірме жасау мақсатында, ағымдағы жылдың 21 мамыр күні республикалық штаб мүшелері Түркістан облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуді модератор ретінде Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқашев Төлеубек ашып жүргізіп отырды.

Жиында өз кезегінде сөз алған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов «Қазақстанның жаңа тарихын бірге жазатын, бірге шешім қабылдайтын сәт келді. Өз таңдауымызды жасау арқылы, біз еліміздің саяси өмірі қаншалықты маңызды екенін көрсетеміз. Осы ретте мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын!» – деді.

Бұдан бөлек жиынға қатысқан кәсіпкерлер республика бойынша өткізі¬летін Референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, жалпыұлттық рефендум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатын жеткізді.