Дәрігерлерге референдум маңызы түсіндірілді

Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдері еліміздің Бас Заңына енгізілетін түзетулер және алдағы референдум туралы Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің қызметкерлеріне егжей-тегжейлі хабарлады.

Кездесуге 120-дан астам қызметкер қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысына Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабы өкілдігінің басшысы И.Әбдіқалықов және штаб мүшелері: Павлодар облысы мәслихатының депутаты И.Веретнов, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова және Павлодар педагогикалық университетінің өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты  С.Әбдірахманов қатысты.

С.Төлегенова өз сөзінде: “алдағы референдумның ерекшелігі – бұл өзгерістерді халық жасайды, сондықтан әрбір дауыс өте маңызды. Мемлекет басшысы үлкен өзгерістердің бастамашысы болды және оны өзінен бастады, ол өз өкілеттіктерін шектей отырып, халыққа өкілеттік береді, сондықтан Қазақстанның 18 жасқа толған әрбір азаматы өзінің азаматтық сана-сезімін көрсете отырып, өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамай отырып, 2022 жылғы 5 маусымға жоспарланған референдумға келіп, өз таңдауын жасайды”, – деді.