Конституциялық реформа – тарихи оқиға

24 мамыр күні Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы төрайымының орынбасары Б.Атауов “AMANAT” партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық Кеңестің отырысына қатысты. Отырыста Конституцияға енгізілетін өзгерістер жөнінде бүкілхалықтық референдум мәселесі қаралды.

Аймақтардан Конституцияға өзгерістердің мәні мен мазмұны, кейбір өзгерістердің логикасы жөнінде сұрақтар қойылды.

Конституциялық реформалар нәтижесінде әлеуметтік әділеттілік, теңдік принциптерін халқымызға дарытатын жаңа әдістер пайда болуы керек. Кеңес жұмысы дискуссия және мәдениетті пікір алмасу форматында өтті.

Сондай-ақ, “Senim” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы БҚО филиалы төрағасы М.Кусаинов Орал қалалық №6 емханасында алдағы уақытта өткізілетін жалпыхалықтық референдум аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аталған іс-шараға қатысып, әр азаматтың еліміздегі тарихи оқиға арқылы өзгеріс жасауға өз үлесін қоса алатынын жеткізді.

Емхана ұжымын 2022 жылы 5 маусымда өтетін референдумға қатысуға шақырып, ақпараттық-танымдық буклеттер таратты.