Конституциялық реформа – тарихи оқиға

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев заңгер, бұрынғы әділет кеңесшісі, «Біргеміз-Қарағанды» қоғамдық қорының төрағасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы жанындағы Республикалық референдумды қолдау жөніндегі өңірлік штаб мүшесі Эрик Менсиитовпен бірлесіп, «Bolashaq» Академиясының студенттері мен оқытушылары үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы республикалық референдум жөнінде ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Спикерлер референдум арқылы өтетін өзгерістер «Жаңа Қазақстанның» қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті.


Сондай-ақ, ел Президенттің кейбір өкілеттіктерін Үкіметке, министрліктерге, жергілікті атқарушы органдарға беру мәселесі бойынша жергілікті әкімдер мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын өзгертуге үлкен үміт артып отырғаны атап өтілді.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, 2022 жылғы 5 маусымда бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.