Кәсіподақ көшбасшысы «Достық колледж» қызметкерлерімен референдум аясында кездесті

Шымкент қалалық штабы мүшелерінің кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесуде «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының» төрағасы Жұмағали Білісбеков, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова мен Шымкент қалалық маслихат депутаты Нұрғазы Бұхарбаев «Достық колледж» жеке мекемесі ұжымымен жүздесіп, алдағы референдумның маңыздылығы мен оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы талқылады.


Жиын барысында еліміз бойынша 2022 жылдың 5 маусымы күні жалпыхалықтық референдум өтетінін, соған байланысты штаб мүшелері халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастағанын жеткізіп, қатысушыларды референдумды қолдауға шақырды.

Ал өз кезегінде сөз алған Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев конституциялық құрылымдарды жетілдіруге қатысты тоқталды.

«Соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Өзгеріс аз емес, соның бірі – Парламент палаталарының рөлі күшейіп, мәртебесі артады. Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделі енеді, Парламенттің бақылау функциялары кеңейеді, заңнамалық рәсімдер оңтайланады. Яғни, азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейеді. Реформалар сәтті өтсе, халық ел басқаруға қатысады. Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттары сайланады, мәслихат депутаттарының келісімімен баламалы негізде облыс әкімдері тағайындалады. Осынша өзгеріс елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принцип жүзеге асады», – деді қалалық штабтың мүшесі Бауыржан Әлтеев.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлері білгенімен қуаттап, білмегінін сұрап жұмысшы топ өкілдеріне өз риазышылықтарын білдірді.