Кәсіподақ өкілдері референдумды қолдауға шақыруда

Елімізде алдағы 5 маусымда өткізілетін жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов Мақтаарал ауданындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында филиал төрағасы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндірме беріп, референдумның маңыздылығы туралы жан-жақты баяндады. Сонымен бірге, 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық Референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.

Кездесу соңында кәсіподақ өкілдері тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды күнде өз таңдауларын жасайтындықтарын білдірді.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің төрағасы Бектас Шірікбаев жалпыхалықтық Референдумды қолдау мақсатында Түркістан қаласындағы «Түркістан-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастауыш кәсіподақ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері өздерінің көкейдегі сұрақтарын ашық қойып, Конституцияға енгізетін өзгерістер жайында пікір-талас өрбітті.

Жиында Бектас Шірікбаев 5 маусымда өтетін Референдумның маңыздылығына тоқталып, «Алдағы конституциялық Референдум тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын саяси маңызға ие тарихи оқиға. Мемлекеттік маңызы бар реформаны жүзеге асыру — бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт! Осы орайда барша қатысушыларды жұдырықтай жұмылып, 5 маусымда өтетін Референдумға жаппай дауыс беруге шақырамын», – деп өз сөзін қорытындылады.

Кездесу соңында қатысушылар Референдумды өткізу шешіміне қолдау білдіріп, 5 маусымда өз таңдауын білдіретіндіктерін жеткізді.

Елімізде болып жатқан саяси науқанға байланысты «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Референдумді қолдау және оны кәсіподақ мүшелері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан «Теміртас» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Айдар Бахтыбаев Референдум бойынша түсініктеме беріп, “Референдум өткізудің мақсаты – саяси және құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасауға бағытталған. Ол ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын айқындайды. Осы орайда Ата Заңдағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды. Осы ретте барлықтарыңызды 5 маусым күні Референдумға қатысып, дауыс беруге шақырамын”, – деді.

Кездесудің соңында қатысушылар пікір алмасып, алдағы тарихи сәт – жалпыхалықтық Референдумға біркісідей атсалысатын болып келісті.

Сонымен қатар, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов конституциялық түзетулер жобасын кәсіподақ мүшелері арасында түсіндіру және Референдумды қолдауға шақыру мақсатында кезекті кездесуін Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан «Оңтүстік жолдары» МКК-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізді.

Кездесу барысында Айдар Бахтыбаев алдағы жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығына тоқталып, «Мемлекет басшысы Ата заңды халықпен бірге шешуге шақыруда. Осы орайда Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың сұранысына негізделіп, жалпы қоғамның мүддесін көздейді. Ал ең бастысы ол өзгерістердің барлығы халықтың талқысына салынып, ой-пікіріне сәйкес референдумда қабылданғалы отыр. Сондықтан еліміздің демократиялық, әділетті және өркениетті мемлекет ретінде дамуына өз үлесімізді қосып, баршаларыңызды атсалысып алдағы Референдумға қатысуға шақырамын», – деп өз сөзін қорытындылады.

Кездесу соңында қатысушылар осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын жеткізді.