Кәсіподақ «Жыл тәрбиешісі» байқауын ұйымдастырды

Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен шағын орталық тәрбиешілеріне арналған “Жыл тәрбиешісі-2022” атты байқау өткізілді. Сайысқа педагогикалық өтілі 3 жылдан жоғары тәрбиешілер қатысты.

Мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты мамандарды қолдау, мектепке дейінгі білім беретін педагогтердің кәсіби әлеуетін ашу, ең үздік тәрбиешілердің инновациялық тәжірибелерін тарату.

Сайыс жеңімпаздарына және қатысушыларға аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды.