Батыс Қазақстан: Түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Айдар Батырханов «Жайық таза қала» мекемесі басшылығы және қызметкерлерімен кездесу өткізді. 2022 жылғы 5 маусымда өткелі жатқан референдум маңызды дипломатиялық институт екенін түсіндіріп, жаңа Қазақстанға бастайтын жаңа өзгеріске азаматтық позицияларын көрсетуге шақырды. Шара соңында танымдық буклеттер таратылды.

Сонымен қатар, «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚОФ төрағасы  Ғ.Сахипов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен кездесу барысында кәсіподақтың биылғы жылғы атқарған жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, ҚР Президенті бастамасымен 2022 жылғы 5 маусымда өткелі жатқан референдумға қатысуға шақырды. Еліміздің ертеңі үшін референдумның аса маңызды рөл атқаратынын жеткізе отырып, конституциялық реформалармен таныстырды.

Ал Батыс Қазақстан облыстық референдум комиссиясының мүшесі, “Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы” ҚБ төрағасы А.Давлетжанов «Жаңа Қазақстан: конституциялық реформалар және әлеуметтік даму моделін трансформациялау» тақырыбындағы кездесуге қатысты.

26 мамыр күні “Senim” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы БҚО филиалы төрағасы М.Құсаинов БҚО онкологиялық диспансер қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде кәсіподақтың атқаратын қызметі жөнінде қысқаша мәлімет беріп, осы жылғы атқарылған жұмыстарды айтып өтті. Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы онкологиялық диспансер қызметкерлерін 2022 жылы 5 маусым күні ҚР Президентінің бастауымен өтетін референдумға қатысып, елімізде өтіп жатқан саясия өзгерістерге бей-жай қарамай, азаматтық позицияларын білдіруге шақырды.