Салалық кәсіподақ кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа салалық кәсіподақ төрайымы  Свелана Иманқұлова, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов және еліміздің 16 өңірінен жиналған салалық кәсіподақтың аумақтық құрылымдарының басшылары қатысты.

Жиында сөз алған Руслан Ермаханбетұлы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұжымының атынан қатысушыларды жуырда өткен 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіре отырып, кәсіподақтар орталығымен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметпен бөлісті. Төраға орынбасарының сөзінше бүгінгі таңда кәсіподақ мүшелері арасында жалпыұлттық референдум бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы кеңінен жүргізілуде. Бұл жұмысқа бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ активі жұмылдырылған.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары өз сөзін қорытындылай келе қатысушыларға сәттілік тілеп, кеңес отырысының нәтижелі өтуіне тілек білдірді.