Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

“Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық Референдум жайында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша кезекті кездесуін «Ветеринарлық қызмет» Сарыағаш аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұжымында өткізді.

Кездесу барысында Айдар Бахтыбаев Референдумға шығыралып отырған өзгерістердің негізгі бағыт-бағдарына тоқталып, қатысушылардың саяси науқанға қатысты сауалдарына жауап берді.

Өз кезегінде Сапарғали Шолданбаев Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіріп, «Өз таңдауымызды жасау арқылы, біз еліміздің саяси өмірі қаншалықты маңызды екенін көрсетеміз. Осы ретте мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын», – деп айтып өтті.

Айта кетейік бүгінде мекемеде 136 еңбеккер жұмыс атқарады. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кіреді.