Конституциялық реформа – еліміздің жаңару жолындағы қадам

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізілді.

Кездесу жиынына мекеменің 17 қызметкері, аудан әкімінің орынбасары, кәсіподақ ұйымының төрағасы Досалы Амангелдиев және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Әуесханов қатысты.

Жиында филиал төрағасы С.Әуесханов «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу туралы ақпараттық-түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен бірге Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Амангелдиев осындай түсіндіру жұмыстары аудан тұрғындары мен мекемелердегі жұмыскерлер арасында жүргізіліп, сайлау учаскелерін талапқа сай дайындап жатқанын айтты және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беретініне сенім білдірді.