«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ референдумға белсенді қатысуға шақырды

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға қатысуға шақыруды қолдады. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, ЖЭО – 2, ЖЭО – 3, «ПРЭК» АҚ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС компаниялар тобының өкілдерімен кездесу өткізілді.

Компания тобының қызметкерлері үшін 5 маусымда өтетін референдумға қатысу маңызды және жауапты қадам болып табылады, өйткені еліміздің негізгі заңы мемлекеттің алдағы ұзақ жылдарға дамуының жолын белгілеп, болашақтағы қайта құрулар тұғырнамасын жасайды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балтабек Төлеубаев мамандардың алдында алдағы іс-шара мен дауыс беру үдерісінің ерекшеліктері туралы қызметкерлердің хабардарлығын арттыру мақсатында сөз сөйледі.

«Референдум демократиялық реформалардың маңызды элементі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының ең маңызды мәселелері бойынша дауыс беруде көрсетілген ауқымды процесс болмақ», – деді кәсіподақ төрағасы.

Түсіндіру кездесуі барысында қатысушылар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты өз сұрақтарын тікелей қоюға, өз пікірлерімен және ұстанымдарымен бөлісуге мүмкіндік алды. Парламенттің рөлін күшейтуге және Қазақстанның жері мен қазба байлықтарын халық меншігі деп жариялауға бағытталған түзетулер еңбекшілердің ерекше назарын аударды.