Референдумды қолдау жөнінде кездесу өтті

Қостанай облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ирина Аронова Федоров ауданының «Успеновское» ШҚ және «Алтын Жаз – 2004» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті.

Кездесу барысында еліміздің негізгі заңы – Конституцияға жаңа өзгерістер мен толықтырулар қабылдау арқылы алға қойылған реформалар талқыланды.


Кездесуге қатысушылар ел Президентінің барлық бастамаларын қолдайтындықтарын және жоғары еңбек өнімділігі мен белсенді азаматтық ұстаным арқылы өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін атап өтті.