Ұстаздар арасында спорттық сайыс өтті

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спартакиада өтті.


Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарысқа өңірдегі 11 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесінен 300-ге жуық адам қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Кәсіподақ мүшелері үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол ойындарынан жарысқа қатысып, спорттық қырларынан танылды.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша волейболдан ерлер арасында Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжі, әйелдер арасында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің командасы жеңіске жетті. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің спортшылары шағын футболдан қарсыластарынан басым түсті. Үстел теннисінен Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің ұстаздары үздік шықса, тоғызқұмалақ ойынынан Ақтөбе гуманитарлық колледжінің педагогтері жеңімпаз атанды.

Жеңіс тұғырынан табылған командаларға облыстық білім басқармасы мен салалық кәсіподақтың бірлескен дипломы, кубок, медаль және ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Барлығы 90-ға тарта ұстаз марапатқа ие болды. Волейбол, шағын футболдан топ жарған командалар спартакиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.