Ауруханада жатқан балалар да сыйлық алды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекеге орай “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев облыстық балалар санаторийінің кішкентай пациенттерін жыл сайынғы құттықтауға қатысып, “Sony” аудиожүйесін ұсынды. Мерекеге орай “Шапағат” сәбилер үйінде, Жезқазған балалар үйінде және “Қарлығаш” балалар соматикалық санаторийінде анимациялық шоу-бағдарлама ұйымдастырылып, балалардың ойын-сауығы мен дамуына арналған түрлі ойын жабдықтары сыйға тартылды.

Сонымен қатар, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ мүшелерінің балалары арасында аниматорларды шақырып, тәтті сыйлықтар табыстай отырып, балалар суретінің, би мен әндердің түрлі конкурстары ұйымдастырылды.

Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы және болашақта өз елінің тамаша азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға ескерту.