Бар жақсымыз – балаларға

Мемлекет басшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Қазіргі әлемде әсіресе балалық шақты барлық жойғыштардан: немқұрайлылық пен қатыгездіктен, қажетсіз ақпарат пен ерте өсуден, соғыстар мен ауыр аурулардан қорғағымыз келеді.

Балалар жылы аясында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы С.Дүйсеновпен мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған кәсіподақ мүшелеріне көмек көрсету туралы атқару комитеті шешімі қабылдады.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ комитеттері «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы С.Дүйсеновтің атынан мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 20 мүшесіне «SENIM» кәсіподағының орталық аппараты мен облыстық филиалы қаражатынан ақшалай сертификат табыс етті. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қаражатынан қайырымдылық көмек көрсетілген мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған кәсіподақтың қалған мүшелері де назардан тыс қалған жоқ.

Барлығы 70 бала қайырымдылық көмекпен қамтылды.