Хромтау ауданында бастауыш ұйым ширек ғасырлық мерейтойын атап өтті

Ақтөбе облысы Хромтау ауданына қарасты Көктау орта мектебі өзінің ширек ғасырлық мерейтойын атап өтті. «Сан қыранды самғатқан, Көктау орта мектебіне — 50 жыл!» атты мерекелік шараға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов, Хромтау аудандық білім кәсіподағының төрайымы Гүлжан Аканова, аудандық білім білімінің өкілдері, ардагер ұстаздар мен білім ордасының түлектері қатысты. Меймандар 50 жылдық тарихы бар мектеп өмірімен танысып, жаңадан ашылған мұражайды аралап көрді.

Облыстық салалық кәсіподақ мектеп мерейтойына орай үздік ұстаздарды қолдау мақсатында қаржылай сертификат тарту етті. Сонымен бірге бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ұ.Макарованы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Әлеуметтік әріптес, мектеп басшысы Р.Измағамбетов пен мұғалім Т.Лаппаға Құрмет грамотасы табысталды.

Мерейтойға аудандық кәсіподақ ұйымы да құр алақан келген жоқ. Білім ордасына қаржылай қолдау көрсетті. Сондай-ақ, педагогтерді алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтарын ұсынды.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, спорттық шаралармен жалғасын тапты.