Еңбек озаттары марапатталды

«Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев «УПНК-ПВ» ЖШС ұжымын (Мұнай коксын қыздыру қондырғысы) құттықтап, өндіріс озаттары мен кәсіподақ белсенділерін марапаттады. «Қазэнергокәсіподақ» салалық кәсіподағы» ҚБ Құрмет грамотасын 6 санаттағы технологиялық қондырғылардың операторы Олег Хмелев алды.

Сондай-ақ, «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ құрмет грамоталарын өндірістік зертхананың сапа жөніндегі инженері Дина Туркбенова, №1 цехтың коксты қыздыру учаскесінің 5 разрядты технологиялық қондырғылардың операторы Серік Айтбаев және мазут пен дизель отынын есепке алу жөніндегі оператор Мұрат Махамбетов алды. Мерейтойға байланысты кәсіподақтан құттықтау мен сыйлықты № 1 цех шебері Людмила Горюнова алды.

Айта кету керек, «УПНК-ПВ» ЖШС «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ құрамына кіреді.