110-шы Халықаралық еңбек конференциясы аясында Төраға Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы Стандарттарды қолдану жөніндегі комитеттің (CAS) отырысына қатысты. Қытайда, Венгрияда және Эквадорда әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту бойынша кейстер қаралды.
Стандарттарды қолдану жөніндегі комитет Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, оның құзыретіне мүше елдердің ХЕҰ стандарттарының орындалуын бақылау және талдау жатады. CAS қатысушылары үкімет өкілдері, жұмыс берушілер мен еңбеккерлер делегаттары болып табылады, ол Халықаралық еңбек конференциясының тұрақты құрылымы болып табылады.
Конференция аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы шетелдік әріптестермен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізді. ХКК БЕАК Атқарушы хатшысы Антон Леппикпен кездесу барысында ҚРКФ мен Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды. Тараптар Кәсіподақтар федерациясындағы демократиялық өзгерістердің қайтымсыздығын қамтамасыз етудің, лайықты еңбек, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын алға бастырудың, сондай-ақ Қазақстанның ХЕҰ-ның «Бірлесу бостандығы туралы» 87 конвенциясын қолдануының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ХКК миссиясының Қазақстанға сапары туралы айтылды.
UNI global union жаһандық кәсіподағының өкілі Гиедре Лелитпен кездесу барысында кәсіподақтар құру, қызмет көрсету саласындағы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау (байланыс, өнер, спорт, сауда, банктер және т.б.) мәселелері бойынша өзара іс-әрекет және ынтымақтастық туралы келісімге қолжеткізілді. UNI жаһандық кәсіподағы 150-ден астам елден 20 миллионнан астам жұмыскерлерді қамтиды. Өзінің жаһандық салалық одақтары арқылы UNI тазалау және қауіпсіздік, сауда, қаржы, графика және орау, ақпарат, коммуникациялар, технологиялар және қызметтер (ICTS), БАҚ, өнер, пошта және логистика, әлеуметтік сақтандыру ұйымдары, спорт, туризм саласы қызметкерлерін және уақытша жұмыскерлерді қамтиды.
ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық бюросының директоры Хайнц Коллермен әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ХЕҰ 87 Конвенциясын жүзеге асыру бойынша Қазақстан жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтты. Тараптар Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығындағы пандемиядан туындаған дағдарыстың салдарын, сондай-ақ кәсіподақтардың лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттерін талқылады.
Тараптар ұлттық лайықты еңбек бағдарламасы бойынша жұмысты бастау мүмкіндігін қарастырды.Сондай-ақ, сапар барысында ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен Израиль кәсіподақ ұйымының халықаралық бөлімінің басшысы Гистрадрут Петер Лернердің кездесуі өтті. Гистрадрут 800 000 кәсіподақ мүшелерін біріктіреді, бұл израильдік еңбеккерлерді қамтудың 25% құрайды. Кәсіподақ бірлестігіне 28 ұйым мүше. Тараптар Қазақстан мен Израильдің ұлттық кәсіподақ орталықтары арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы