Кәсіподақ төрағасы ғылыми-зерттеу институты ұжымымен кездесті

Ұжымдарда Референдумға белсене қатысуға шақырып, Конституциялық өзгерістер түсіндіру жалғасуда. Референдум өтуіне аз ғана уақыт қалды.

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, Облыстық штаб мүшесі Мақсұт Нәлібаев және Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің облыстық салалық кәсіподақ ұйымы төрағасы Толыбай Жүсіпов Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұжымымен кездесті.

Кездесуде облыстық кәсіподақ көшбасшылары ұжымға конституциялық реформаның мағынасын түсіндіріп, реформалардың елге қажеттілігі туралы өз ойларымен бөлісті. Еңбек ұжымы да өз пікірлерін ортаға салып, заңнамалық түзетулерді талқылады. Референдумды қолдау облыстық штабы мүшелері еңбек ұжымын Конституциялық реформаларға референдумға белсене қатысу арқылы қолдау жасауға шақырды.