«Парктер шеруі-2022» табиғатты қорғау акциясының қорытындысы шығарылды

Түркістан облыстық «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен «Парктер шеруі-2022» республикалық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанаты өтті.


Салтанатты жиынға «Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев қатысты.
Парктер шеруінің басты мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық проблемаларына халықтың, өскелең ұрпақтың, мемлекеттік билік органдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және қоршаған ортаны қорғауға қатысуға шақыру, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

Салтанатты шарада «Парктер шеруі-2022» республикалық табиғатты қорғау акциясының қорытындысы шығарылып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері сәйкесінше алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар өз кезегінде сөз алған жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев құттықтау сөзімен бастап, аталған шарада бір кісідей атсалысқан барша қатысушыларға рахмет айтып, болашақта жеңімпаздар бұдан да үлкен жетістікке жетіп, жыл сайын белсене қатысатындарына сенім артып, алғысын білдірді.

Іс-шара ары қарай концерттік бағдарламасымен жалғасты.