Республикалық спартакиада басталды

Түркістан облысының адами әлеуетті басқармасының ұйымдастыруымен және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында тұңғыш рет республикалық спартакиаданың тұсауы кесілді.

Спартакиада Білім және ғылым министрлігі мен Салалық кәсіподақтың арасындағы әлеуметтік әріптестіктің аясында ұйымдастырылды. Екі күнге жоспарланған жарыстың ашылу салтанаты бүгін Түркістан қаласындағы «Turkistan arena» стадионында өтуде.

Спартакиадаға еліміздің 16 өңірінен 384 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан қызметкерлер қатысуда. Жарыс волейбол (ерлер, қыздар), фотбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлері бойынша өтіп жатыр. Мұндай көлемді спорттық дода алғаш рет Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында ұйымдастырылып отыр.

Барлық команда мүшелері жарысқа жақсы дайындықпен келіп, белсенді түрде қатысуда. Республикалық спартакиаданың финалдық ойындары ертен болады.