Татуластыру орталығына жүгінген азаматтарға құқықтық кеңес берілді

Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында орналасқан «Татуластыру орталығында» азаматтық дау бойынша жүгінген тұрғынды қабылдау жүргізілді.

Қарыз ақшаны өндіру мәселесі бойынша келген азаматқа Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, қарызды өндіру амалдары жөнінде құқықтық кеңес берілді. Сондай-ақ, ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптары түсіндірілді.

Өз кезегінде, осы Заңға сәйкес іс сотта қаралғанға дейін жасалған дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Мұндай келісім орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

Азаматтық немесе әкімшілік процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен бекітеді.

«Татуластыру орталығында» қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып табылатын азаматты қабылдау жүргізілді.

Кездесу барысында «Татуластыру орталығының» маманы қылмыстық істің мән-жайын тыңдай келе, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптарын түсіндірді.

Осы Заңның 27 бабының 6 тармағына сай, қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген, дауды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды жәбірленушімен татуластыру арқылы дауды реттеу туралы келісімді білдіреді.

Аталған келісім дереу іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады.

Сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша тараптарға ҚР «Медиация туралы» Заңы және Қылмыстық-процестік кодексiнің талаптары бойынша құқықтық кеңес беріліп, нәтижесінде екі тарап медиациялық келісімге келетін болып шешті.

«Татуластыру орталығында» мектепке дейінгі білім беру мекемесінде орын алған даулы мәселе бойынша тараптарды қабылдау жүргізілді.

Азаматшаларға Қазақстан Республикасының азаматтық, әкімшілік заңнамасының және ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптары түсіндірілді.

Іс сотта қаралғанға дейін жасалған дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді.

Азаматтық немесе әкімшілік процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен бекітеді.

«Татуластыру орталығы» мамандары тарапынан берілген құқықтық кеңес нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келуге ниет білдірді.