Үздіктер марапат төрінен көрінді

Кентау қаласы Қарнақ ауылы Қарнақ жалпы орта мектебінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитеті филиалының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық оқушылар пән олимпиадасы мен қолданбалы спорт түрлерінен Республикалық «Sport Fest Kazakhstan» әскери-патриоттық спартакиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерін және марапаттау кеші өтті.

Марапаттау кешіне арнайы іс-сапармен Нұр-сұлтан қаласынан келген Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымы Айгүл Мұқашева, құқықтық бөлімнің басшысы  Райхан Қыдырбаева, бас есепшісі Гүлзира Тоқабаева, ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев, Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы  Баянғали Жұмабаев, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитеті филиалының төраға орынбасары  Манат Таукеева, Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейі мен «Қарнақ» жалпы орта мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар қатысты.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымы Айгүл Мақсатқызы және Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы  Баянғали Жұмабаев Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған оқушылар мен ұстаздар қауымын жетістіктерімен құттықтап, 2021-2022 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасының Республикалық кезеңінің қорытынды рейтингіне сәйкес «М.Қашғари» атындағы мектеп-лицейі мен “Қарнақ” жалпы орта мектебі Республикадағы “Үздік 200 мектеп” қатарынан көрінгенін мақтанышпен айтып, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымы Айгүл Мақсатқызының демеушілігімен Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған оқушыларды және шәкірттеріне осындай тәлім мен тәрбие беріп қазақ тілінің қызығы мол сырын меңгертіп жүрген, ұлт болашағына жауапты, өз Отанын қорғау жолында бар күшін аямайтын, патриот жастарды тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген, ерекше жұмыстарымен көзге түскен Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төмендегі белсенді мүшелерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты», «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» және «Көктем» шипажайына тегін жолдамамен марапаттап, оқушыларға соңғы үлгідегі ноутбуктер табыстады.

Іс-шара соңында елордадан арнайы “Қарнақ” жалпы орта мектебіне келген құрметті қонақтарға мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, ұстаздар мен оқушыларды қолдаған Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымы Айгүл Мақсатқызына алғыстарын айтты.