Ұстаздар ұлықталған күн

Әлемдік өркениетке бет бұрып, болашақ қазақ елінің ұрпақтарын тәрбиелеудің және білім берудің негізі – мектеп. Ұстаз деген сөз қаншалықты қысқа болғанымен, арқалаған жүгі өте ауыр. Қадір-қасиеті өте терең. Сол себептен мұғалім болу әр адам баласының қолынан келетін болса, ұстаз болу үшін үлкен қасиет керек шығар. Себебі, ұстаз деген ұғым, өте қасиетті ұғым. Тек нағыз ұстаз ғана егемен елге лайықты ұрпақ тәрбиелей алады. Бала жүрегіне жол таба білетін, рухани азық беретін де – ұстаз. Бұған ауданның ұстаздарының бүгінгі таңдағы шынайы еңбектері дәлел.

Осыған орай биылғы оқу жылының жемісті аяқталуына орай Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының” Түркістан облыстық ұйымына” мүше, “Шапағат-педагог” кәсіподағы төрайымы Гүлнара Тлеубердиева ауданның ұлағатты ұстаздарын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің “Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, атап айтқанда, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №50 Н.Тілендиев атындағы ЖОМ-нің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Асия Ашманованы, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №50 Н.Тілендиев атындағы ЖОМ-нің мұғалімі Халида Алтыбаеваны, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №29 К.Тіленшин атындағы ЖОМ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлсара Джамекованы, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №29 К.Тіленшин атындағы ЖОМ-нің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Бақытбек Шанкеевті, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №30 Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қайрат Сейтбековті және Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №44 Мәдени жалпы орта мектебінің директоры  Бахтияр Айтбаевті марапаттап, тілек білдірді.

Сондай-ақ, марапаттау іс-шарасында Гүлнара Тлеубердиева ұстаздардың ұстазы атанып жүрген, ұлағатты ұстаз Халида Алтыбаеваны 17 жыл бойы №50 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының, кәсіподақ комитетінің төрайымы болып табысты қызымет атқарғаны үшін және бейнетінің зейнетін көру үшін зейнетке шығуымен құттықтап, кәсіподақ атынана арнайы сый-сияпат табыстады.