«Келешек» төрағасы жастарды алаңдататын өзекті мәселелерді көтерді

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте үшінші мегаполис жастары Әл-Фараби ауданында өткен Кеңес отырысында бас қосты. Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Тасболат Бекдаулет, Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері мен қала жастары қатысты.

Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы «Жастар ресурстық орталағының» директоры Исахов Мағжан Шыңғысұлы баяндама жасады.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев: «Біліммен қатар тәрбие де жүру қажет. Қазіргі жастар қазақтың салт-дәстүрін ұмытпау керек. Кезінде әл-Фараби: “Тәрбиесіз білім – адам баласына жат” деп бекер айтпады. Өз-өзіңді дамытуды, алған біліміңді жетілдіруді үнемі жалғастырып отыру керек, сонда ғана көздеген мақсатыңа жетесің» – деді.

Кеңесте жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.
Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданына қарасты шалғай елдімекенде орналасқан жастарға қаламыздағы мәдени-тарихи кешендерге саяхат ұйымдастыру, Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін, білімі жоқ жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, Жас журналисттерге арналған семинарлар өткізу,
Қалалық және республикалық ұлттық өнер жарыстарын өткізу және бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, дамыту.

Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, бұқаралық спортты дамытуына Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев өз қолдауын білдіретіндігін айтты.