Еңбеккерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау – еңбекті қорғау саласындағы басты міндет

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да компаниялар тобының жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтау саласындағы ең жауапты қызметкерлері марапатталды. 15 қызметкер «Павлодарэнерго» бас директорының атынан Құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеу аясында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы ең жауапты қызметкерлерді марапаттады. Қызметкерлерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтарды «ОАЭК» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау департаментінің директоры Руслан Зинатулин табыс етті.

– Бүгін маған «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының ең жауапты қызметкерлерін марапаттау құрметі бұйырды. Өндірістегі қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді, өйткені мамандар «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының негізгі әлеуеті болып табылады. Сондықтан қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау – еңбекті қорғау саласындағы басты міндет. Бүгін біз Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында ең жауапты қызметкерлерді көтермелейміз. Жұмысыңызды атқарып, әріптестеріңізге үлгі болғаныңыз үшін рахмет. Сіздерге қауіпсіз жұмыс және жарақат алмауларыңызды тілеймін, – деп Руслан Зинатулин шараны ашты.

Барлық еншілес кәсіпорындардың қызметкерлері құрметті марапатқа ие болды. «ПРЭК» АҚ атынан: Сергей Козлов, Танырберген Смағұлов, Алексей Брагин. 3-ЖЭО және 2-ЖЭО-дан: Александр Скупенко, Николай Березовский, Владимир Гладков, Мәди Өтекеев.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС атынан: Сымбат Баймуратова, Ольга Трушина. «Павлодар жылу желілері» ЖШС атынан: Григорий Маковец, Виктор Немцев. «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС атынан: Наталья Ярось, Азамат Смағұлов. Санаторий-профилакторийден және «Энергетик» демалыс үйінен: Александр Замотин, Ирина Мироненко.

– Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні-бұл жай ғана мереке емес, бұл жұмыс орындарында жарақат алғандардың барлығын еске алу күні. Өз қауіпсіздігіңізге және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапты қарым – қатынасыңыз үшін рахмет, – деп қорытындылады «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Андрей Турков.

Сондай-ақ Халықаралық еңбекті қорғау күнін мерекелеу шеңберінде УБиОТ мамандары компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасында «Тұрмыстағы қауіпсіздік» тақырыбында бейнероликтер конкурсын өткізді. Жас режиссерлер лайықты сыйлықтарға ие болды.