Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайға мүше болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрамына депутаттар, журналистер, блогерлер, көрнекті қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар мен жазушылар кіретін Ұлттық Құрылтайды құру туралы Жарлыққа қол қойды.

ҚР Президентінің Жарлығымен Құрылтайдың мүшелері болып Кәсіподақтар федерациясынан ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы және Шымкент қалалық кәсіподақ орталығының төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы тағайындалды.

Құрылтай – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның отырыстары қажеттілігіне қарай жылына кемінде бір рет өткізіледі.

Ұлттық Құрылтайдың негізгі міндеттері:

– әлеуметтік консолидацияны дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

– қоғам өкілдері, партиялар, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдар арасындағы диалогты қамтамасыз ету.

Айта кетейік, Ұлттық Құрылтайдың құрылуымен Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін таратқан болатын.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай туралы ережемен мына жерден танысуға болады: https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasy-prezidentinin-zhanyndagy-ulttyk-kuryltaydy-kuru-zhane-kazakstan-respublikasy-prezidentinin-keybir-zharlyktarynyn-kushi-zhoyyldy-dep-tanu-turaly-145458