15 маусым – Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған күні

Елі үшін құрбан болған Батырдың есімі ешқашан ұмытылмайды. Биыл қазақтың қаһарман батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған күні кеңінен аталып өтті.

Ақтөбе қаласындағы Әлия мемориалды ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Қобда ауданының Әлия ауылында «Әлия»патриоттық тәрбие беру орталығында ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Оған Қобда өңірінің азаматтары, батыр қыздың жерлестері, Әліп, Тәжен Сарқұловтар бастаған туыстарымен «Қос шынар» Әлия-Мәншүк атындағы қоғамдық қордың төрағасы Ғалымжан Байдербес және «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы  Назира Табылдинова да атсалысты.