Кәсіподақтар танымдық саяхат ұйымдастырды

Білім кәсіподағы аймақ ұстаздарының жазғы демалысының пайдалы әрі қызықты өтуіне ерекше көңіл бөледі.

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы білім беру ұйымдарындағы “Өлкетану” үйірмесінің жетекшілеріне арнап танымдық саяхат ұйымдастырды.

Кәсіподақ мүшелері тарихи-табиғи ескерткіштер шоғырланған «Доңызтау» өлкесіне барып, ғылыми жұмыстарына қажетті материалдар жинақтап қайтты.