Ақ халатты абзал жандар алғысқа бөленді

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Қарағанды облыстық филиалы әлеуметтік әріптесімен бірлесіп медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.


Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қалдыбек Исмаилов пен “SENIM” Қарағанды облыстық денсаулық сақтау кәсіподағының төрағасы Ноян Бидайбаев құттықтау сөз сөйледі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына “SENIM” кәсіподағының төсбелгілері табыс етілді.

Сонымен қатар, Саран және Теміртау қалаларында салтанатты іс-шаралар өткізіліп, Денсаулық сақтау министрлігінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, Орталық аппараттың және “SENIM”кәсіподақ филиалының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.