Ақ халатты абзал жандар марапатталды

17 маусым күні Мүгедектерге арналған оңалту орталығында мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Абдукаримов Мейрамбек Жаксылықұлы, “Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы қатысып, орталық қызметкерлерін басқарма басшысының, орталық директорының және облыстық салалық кәсіподақтың атынан марапаттап, ақ халатты абзал жандарды құттықтап, жасап жатқан игі істеріне алғысын білдірді.

Орталық қызметкері Шаймерденова Бибіхан «Қызмет» облыстық салалық кәсіподағының “ЕҢБЕК ОЗАТЫ” медалімен марапатталды. Сондай-ақ кәсіподақтың алғыс хаттарымен Бөжекова Роза, Исаева Лаура марапатталды. Марапатталушыларға қаржылай сыйлықтар табысталды.