Бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты

“Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылында орналасқан “Розакул-ата” бөбекжайы» жеке мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты. Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективалары және мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.

Айта кетейік, аталған мекемені Айдын Рахматуллаева басқарады және мекемеде 26 еңбеккер жұмыс істейді. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кіреді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Динара Турсунтаева.