«Заң клиникасында» кәсіподақ мүшесіне құқықтық көмек көрсетілді

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Заң клиникасында» кәсіподақ мүшелеріне еңбек, әлеуметтік және кәсіподақ заңнамасы мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарының бұзылуына қатысты әкімшілік және қылмыстық заңнама бойынша құқықтық көмек беріліп отырады.

«Заң клиникасының» маманы, кәсіби медиатор Абдукаримова Салтанат құқықтық кеңес алу үшін жүгінген кезекті кәсіподақ мүшесін қабылдады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Шымкент қалалық ұйымының құрамындағы білім беру мекемесінің қызметкері «Заң клиникасына» мұрагерлік мәселесі бойынша жүгінген.

Қабылдау барысында азаматқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, «Нотариат туралы» Заңының мұрагерлік құқыққа қатысты нормалары түсіндіріліп, мұрагерлікті рәсімдеуге қатысты тегін құқықтық кеңес берілді.

Қабылдауда болған кәсіподақ мүшесі өз тарапынан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен іске қосылған жобаға алғысын білдіріп, «Заң клиникасының» мамандарына табыс тіледі.