Түркістанда білім беру қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті

Рухани орталығымыз Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында республикалық спартакиада өтті.

Спартакиадаға 16 өңірден 400-ге жуық ұстаз қатысты, облыстық кәсіподақ ұйымының қолдауымен Қарағанды облысынан 30 ұстаз бақтарын сынап, қарағандылық ұстаздар командалық есепте III орын алды.

Жалпы спартакиада спорттың 4 түрінен: волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ бойынша өтті. Қарағанды жоғары политехникалық колледжі тоғызқұмалак жарысында 1 орын, Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі үстел теннисі жарысында 2 орынды иеленді.