Ақ халатты абзал жандар еңбегі бағаланды

№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында медицина қызметкерлерінің күніне орай адам жанының арашасысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, мекеме қызметкерлері мен қызмет алушылары арасында мерекелік шара өтті.

Мерекелік шара барысында орталық директоры Лариса Карибаева медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап Облыс әкімі, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мекеме басшысының алғыс хаттарымен және орталық аяжаны Ә.Тоқсанбаеваны “Үздік медицина қызметкері-2022” номинациясымен марапаттады.

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлеріні салалық облыстық кәсіподағының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева құттықтау сөз сөйлеп, облыстық кәсіподақтың жоғары марапаты «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» медалімен орталықтың аға аяжаны Баян Ералиеваға табыс етті, сондай-ақ Ажар Үргенішбаева құрмет грамотасымен, Өмірсерік Пржанов, Жарылқасын Прмаханов, Жібек Абжекенова алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталушыларға қаржылай сыйлақтар берілді.

Мерекелік шарада әсем әндер мен тамылжыған билер орындалып, әзілдік қойылымдар көрсетіліп, мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.