Шипажай қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне қарсаңында “Yntymaq” кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов Жаңақорған шипажайы ұжымымен кездесті. Ұжымды кәсіби мерекемен құттықтаған облыстық салалық кәсіподақ төрағасы ұжымға әлеуметтік әріптестіктің озық үлгісі үшін ризашылығын білдірді.

Жиында білікті кәсіби қызметтері мен кәсіподақ жүйесіндегі белсенділіктері үшін бірқатар жұмыскерлер Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының “Еңбек озаты” төсбелгісімен, Құрмет Грамотасымен, Yntymaq салалық кәсіподақтың марапаттарымен марапатталды.

Айта кету керек, “Жаңақорған шипажайы”АҚ ұжымындағы Ұжымдық шарт республикалық “Парыз” конкурсының “Үздік ұжымдық шарт” номинациясы жеңімпазы, келісімде көп балалы аналарға сыйақы беру, қосымша жәрдемақылар, қолайлы еңбек жағдайы мәселелері бойынша нормалар қарастырылған.