Қызылордада медицина қызметкерлері арасында спорттық эстафета сайысы өтті

«Қызмет» салалық кәсіподақ құрамындағы №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлерінің күніне орай эстафеталық спорттық сайыс, волейбол ойынынан жарыс өтті. Кәсіподақ мүшелері арасында өткен жарысқа бес команда қатысты. Эстафеталық спорттық сайыста командалар бірге қадам басу арқылы ағашпен алға жүру, шеңбер арқылы команда мүшелерін бір-бірлеп мәреге жеткізу, медициналық система арқылы ыдысқа су жинау сияқты т.б. түрлерінен жарысты.

Өте қызықты да тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша І орынды “Жылы жүрек” командасы, II орынды “Мedlife” командасы, III орынды “Көк ту” командасы иеленді. Ал «Бүркіт» және «Medikal» командалары ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Командаларға дипломдар мен қаржылай сыйлықтарды орталық директоры Айгүл Шамшатова мен «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева табыстады.